Мемлекеттік қызметті цифрландыру – маңызды іс

76

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша Филиалында 16 фронт-офис, оның ішінде 1 Көші-қон және 1 Мамандандырылған бөлім қызмет көрсетуде. 2022 жылы осы бөлімдер мамандары арқылы 992 734 қызмет көрсетілген.

Халық арасында өз беттерінше қызмет алу үшін насихат және оқыту жұмыстары, сонымен қатар электрондық сандық қолтаңба электронды түрде алу жұмыстарын бекітілген желілік кестеге сәйкес, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, сауда орталықтарында, базарларда, мемлекеттік мекемелерде, білім беру мекемелерінде – 304 828 азаматқа оқыту жүргізілді. нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 1 125 560 қызмет көрсетілген.

Шалғай орналасқан мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін Жамбыл және Қордай аудандарында «Мобильді ХҚКО» жобасы іске асырылуда.

2022 жылы Филиал тарапынан бекітілген қызметтік көліктер арқылы «Жылжымалы халыққа қызмет көрсету бойынша МОБИЛЬДІ ТОП»  аудандық алыс  ауыл аймақтарға жалпы 635 шығулар жүзеге асырылып, 10 305 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Үйлеріне барып қызмет көрсету мақсатында 1414 қысқа нөмірге телефон шалу арқылы «Help desk» бағдарламасы негізінде өтініштер қабылданып, арнайы бекітілген фронт-офис мамандарымен үйлеріне шығып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілуде. Оған кіретін топтар:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалар;
  • ҰОС ардагерлері;
  • 70 жастан жоғары жастағы азаматтар

2022 жылы бұл бағыт бойынша 1 389 азаматтарға  шығу жүзеге асырылып, 1 354  қызмет көрсетілді.

Қазіргі таңда Филиалдың фронт-офистерінде келесідей сервистер және қосымшалар жұмыс жасауда:

  1. Бірыңғай байланыс орталығы: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан алуды іске асыру мақсатында Филиалда 1414 Бірыңғай байланыс орталығы ашылған. Орталық операторлары   27  мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Олардың негізгісі:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталықтарын тіркеу куәлігін беру (электрондық цифрлық қолтаңба)
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тіркеуден шығару.
  • Баланың туылуына және оның күтімі үшін жәрдемақы тағайындау.
  • Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау және т.б

2022 жылдың 12 айында қызмет алушыларға 35 630 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  Сондай-ақ осы кезеңде тұтынушылар операторларға 114 218 бейнеқоңырау шалған.

2023 жылдың 1 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында қосымша арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға 17 097 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 45 057 бейнеқоңырау шалған (оның ішінде eGov ұялы байланысы арқылы операторларға 6 003 бейнеқоңырау).

Республика бойынша халық арасында қашықтықтан қызмет алу мүмкіндігін кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан бойынша фронт-офистерде (ЦОН) кіреберісінде арнайы аймақтар ұйымдастырылып, кеңес  берілуде.

 2023 жылдың 20 ақпанындағы жағдай бойынша қолданбаны 123 947 пайдаланушы орнатқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.