Бүгін ауданда мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан өткен облыстық турнир өз мәресіне жетті.
Тартысы өткен жарыста жүлделі бірінші орынды Жуалы ауданының командасы жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды Мойынқұм ауданының командасы, үшінші орынды Т. Рысқұлов ауданының командасы иеленді.
Ынталандыру орнына Тараз қаласының командасы ие болды.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы дайындалған дипломдар мен қаржылай сыйлықтардың сертификатын аудан әкімі Сәкен Мамытов өзі табыс етті.
Сондай-ақ, жарыста «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік үйлестіруші» атанған спортшылар да марапатқа ие болды.
Айта кету керек, Сарысу ауданында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық турнир Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына арналған.