Үстіміздегі жылдың 18 маусымы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облыстық Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің ұйымдастыруымен «Дәстүрден тағылым» атты байқау өтті.![]()

Аталған байқау мемлекеттік қызметшілер арасында өткізлді. Байқау мемлекеттік қызметшілердің мәдени-тарихи құндылықтарды кеңінен түсінуі арқылы ұлттық бірегейлікті айқындайтын адамгершілік бағдарларды дәріптеуге және қалыптастыруға бағытталған.![]()

Мемлекеттік қызметшілерді салт-дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық, мәртебелі міндет екенін жеткізу.![]()

Байқауға Сарысу ауданыннан мемлекеттік қызметшілер қатысып қайтты.
5 адамнан тұратын сарысулық команданың құрамында Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық бөлімшесінің басшысы Жеңіс Құдайбергенов, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ботакөз Мақашева, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы Ғалия Атанчаева, Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Заңғар Сейдалиев және Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рүстем Шукеев болды.

«Мамандығым – мақтанышым», «Ширату- интеллектуалды ой-өрістік турнир», «Көкпар-мақал – мәтел жарысы», «Ел үмітін ақтаймыз, салт-дәстүрін сақтаймыз» атты айналымдардан тұратын байқауда белсенді өнер көрсеткен сарысулықтар арнайы дипломмен марапатталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі