Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Малкайдаровтың төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар кеңес өткізілді. Аталмыш семинар — кеңеске аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандары қатысты.
Іс — шараға жалпы 25 мемлекеттік қызметші қатысты. Аудан әкімінің ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Шәріпхан Қаршыға Әнуарханұлы және аудан әкімі аппаратының құжаттама және мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімшесінің бас инспекторы Әбдірахман Әділет Ерланұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен оларды тапсыру мәселесі бойынша баяндама жасады.
Семинар кеңеске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, ұсыныс пікірлер назарға алынды.
__________________________