Мемлекеттік бағдарламалар жайлы мол мағлұмат берілді

163

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырымен Аудан тұрғындарына Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының мақсат-міндеттерімен, бағыттары, арнайы жобалары түсіндіріліп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар беріліп өтті.  Түсіндіру жұмыстары Ақбұлақ, Көлқайнар, Аса, Өрнек, Қаракемер, Ерназар ауылдық округтарында жүргізілді. Іс-шараларға лектор ретінде Жамбыл облыстық Рухани жаңғыру жобалық офисінің басшысының орынбасары Данияр Маратұлы Өмірбеков шақырып, қатыстырылды. Д.Маратұлы тұрғындарға бағдарламалық мақалалардың негізгі мақсатын, ауқымын, маңыздылығын түсіндіріп өтті. Іс-шаралар барысында тұрғындар қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар ала алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.