Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша құрылған фокус-топтардың жұмыс қорытындысына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшыларынан сұхбат алу жұмыстары жүргізілді.
Сұхбатты ҚР Президенті жаныңдағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының оқытушысы (тренер-модератор) А. Бапанов жүргізді.
Сұхбатқа Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек қатысып, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне фокус-топтардан тапсырылған кейстер бойынша сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін сала бағытында яғни, жер қойнауын пайдаланушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді дебюрократиядан арылту мәселелері айтылды.