Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар

196

Әр елдің білім беру жүйесі әрқилы. Олар сонысымен ерекшеленеді. Дегенмен, көпшілігіне ортақ тәртіп, талап-міндеттер де жоқ емес. 

Айталық әлемнің көптеген елінде жаңа оқу жылы күз мезгілінде басталады. Ал АҚШ, Чили, Ресей және Исландияда мектептегі білім беру жүйесі кей мемлекеттерге қарағанда басқаша.

Қай елдің оқушылары мектеп қабырғасында аз уақыт өткізеді? Қай мемлекетте баланы мектепке даярлау қымбатқа шығады? Қай елдің тұрғындары 23 жыл бойы білім алады? Біз осы және басқа да әлем мектептеріндегі ең қызықты фактілерді жинақтадық.

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар
Фото:nnovgorod.bezformata.com

Баланы мектепке дайындау үшін америкалық отбасы орта есеппен 685 доллар жұмсауы керек. Бұл сома 2005 жылдан бері 250 долларға өсті.

Қаражаттың басым бөлігін отбасы компьютер сатып алуға жұмсайды, бұл шамамен, 299 доллар. Екінші орында – киім-кешекке кететін шығын тұр (286 доллар). Ал электроника, мысалы, планшет пен калькулятор алу үшін отбасылық бюждеттен 271 доллар қарастырылған.

Мектеп кеңсесі мен кітаптарға, орта есеппен,  112 доллар кетеді. Айта кетсек,  оқу құралдарының құны әлі де өседі деген болжам бар (Дереккөз: Statista/Deloitte).

Әлемнің дамыған 33 елінің ішінде бастауыш сыныпта ресейлік оқушылар ең аз уақыт өткізеді екен.

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар
Фото:k2radio.com

Оқу жылының 8 айында күніне 5 сабақтан есептесек, шамамен, 500 академиялық сағатты құрайды. Әлемде бұл көрсеткіш жылына орта есеппен 800 сағаттан тұрады.

Мысалы, Даниядағы мектептерді назарға алсақ.

Кішкентай даниялықтар бастауыш мектепте жылына шамамен 1000 сағатын өткізеді.

Білім беру сапасының Халықаралық рейтингтерінде Дания жыл сайын алғашқы бестікке кіреді. Сондықтан болар, оқу жылының ұзақтығы әлі де өз жемісін беріп келеді (Дереккөз: OECD).

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі мектеп құнының айырмашылығы 100 мың долларға жетеді.

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар
Фото:france24.com

Мектеп жарналарын, оқулықтар, көлік және жатын орынның құнын есептесек, Гонконг мектептерінде білім алу қымбат.

Стипендия, білім беру несиелері және мемлекеттік қолдаудан басқа, Гонконг мектеп оқушыларының ата-аналары жыл сайын өз қалталарынан тағы да 131 161 АҚШ долларын шығару керек.

Екінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Онда мектеп білімі жылына шамамен 99 мың доллар тұрады. Содан кейін Сингапур – 71 мың доллар және АҚШ – 46 мың доллар.

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар
Фото:shkolabuduschego.ru

АҚШ университеттерінде оқу құны қымбаттаса да, ата-аналар қалталарынан жылдық ақының тек 23%-ын төлейді.

Мысалы, Франциямен салыстырсақ, бұл мемлекетте баланың толық білім алуына ата-аналар шамамен 16 мың доллар жұмсайды (Дереккөз: HSBC / Sallie Mae).

Жаңа Зеландия мен Исландияда балалар жиырма жыл мектепте оқиды.

Мектеп өмірінің ұзақтығы бастауыш сыныбынан бакалавр деңгейіне дейінгі кезеңмен есептеледі.

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар
Фото:kursk.bezformata.com

Австралияда мектептегі білім берудің ұзақтығы – 22,9 жыл. Австралиялықтар мектепке алты жасынан барады. Ал бакалавр дәрежесін орта есеппен 28-де алады.

Мектептегі ең қысқа білім – Нигерияда. Балалар мектепке жеті жасында барып, орта есеппен 5,3 жыл оқиды.

https://turkystan.kz/article/203901-mektepte-23-zhyl-okityn-okushylar-bar/

Leave A Reply

Your email address will not be published.