Оқиға Астанадағы №10 мектептің аумағында болған.
«Футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлап кетті. Оқушы алған жарақатынан көз жұмды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатыр», — делінген елорданың білім басқармасының хабарламасында.