Меккеге апарамын: 30-дан астам адам алаяқтың құрбаны болды

135

Полицейлер Меккеге апарамын деп тұрғындарға 11 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Сайрам аудандық полиция басқармасына алданған жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, 2022 жылдың қазан айында кіші қажылыққа 10 күнге бару үшін ол күдікті азаматқа 423 мың теңгесін берген. Бірақ ақшаны алғаннан кейін ол байланысқа шықпаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

«Жәбірленушілер ақша аударған есепшоттар тексеріліп, куәгерлерден жауап алынды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны Алматы қаласынан ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Ол Жетісу облысының тұрғыны болып шықты», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті Меккеге барғысы келген 30-дан астам сайрамдық тұрғынның ақшасын алып, оларға 11 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті қамауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.