Медицина саласындағы мүмкіндіктерді ауыл тұғындары да пайдалануы керек

39
Заманауи қондырғылар және жобалар үлкен қалада ғана емес, аудан орталықтарында, не болмаса шалғай елді мекендерде қолжетімді болса игі.
Осы орайда, Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасына қарасты Есейхан ауылындағы Бекжан Мырзагулов жетекшілік етіп жатқан Қаратау дәрігерлік амбулаториясында алғашқы медициналық әлеуметтік көмектің шағын « Үздік тәжірибелер орталығы» ашылды.
Бұл шипа іздеген тұрғындарға сенім сыйлайды.
«Үздік тәжірибе орталығы» ашылғалы амбулатория құрылымына көптеген оң өзгеріс енгізілді.
Атап айтқанда, салауатты өмір салты кабинетінде зиянды және пайдалы тамақтану бұрышы қайта жаңартылды және Есейхан ауылына ғана тән емдік қасиеті бар шөптер, жемістерден арнайы көрме жасалып, олардың пайдасы жайлы ақпарат жасалды.
Мәселен, доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
Жалбыз өте көп мөлшерде эфир майлары, илік және биологиялық белсенді заттар, глюкоза, фитонцидтер, майлар, каротин, минералды тұздар сияқты пайдалы компоненттерден тұрады. Бұл өсімдік С және Р дәрумендеріне бай.
Киікотынан жасалған тұнбаны асқазанның қышқылы кемігенде және қан тоқтататын, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде, ішектің жұмысы нашарлағанда, асқазанның тұсы түйнеп ауырғанда, жалпы дененің қуаты кеміп, күші азаіғанда қолданады. Киікотымен бауыр ауруларын емдейді.
Салаубастың гүлдері халық медицинасында ертеден дәрілік мақсатта қолданылып келеді. Оны шетенмен, шайқураймен, күнбағар гүлімен, жүгерімен қосып, бауыр және өт жолдарының ауруларын (холециститті) емдейді, асқазан қышқылы азайған жағдайда ішеді.
Сонымен қатар, ауылдық амбулаторияда психологиялық түсіру бөлмесі жұмысын бастады, онда әрбір адам демалып, күйзелісті жойып, рухани күштерді қалпына келтіре алады.
Бөлмеде жайлы да тыныш атмосфера: жұмсақ креслолар, жанға жайлы жарықтандыру, релаксация музыкасы бар.
Психологиялық түсіру бөлмесі амбулаторияның барлық келушілеріне қолжетімді және үйлесімділікті қалпына келтіру және көңіл-күйді жақсарту үшін тамаша орын болып табылады.
Физиотерапия -бұл әртүрлі сырқаттарды жылу, суық, электр тогы, магниттік УК және ИҚ-сәулелендіру сияқты әртүрлі физикалық факторлардың көмегімен, сол сияқты емдік балшықтар, массаж, сүлік салудың көмегімен емдеу әдісі. Физиотерапия бөлмесінің жұмысы қолға алынып, мамандар тиісті білімдерін жетілдіру үстінде.
Баланың даму бөлмесі баланың жасына сай ойыншықтармен толықты.
Үздік тәжірибелер орталығының ашылуынан бұрын , амбулаторияда арнайы «Халық кеңесі» құрылып, халықпен кері байланыс орнатуға арналған «МИОМОС»
жобасы қолға алынды.
Ендігі кезекте, « Ерлердің ұзақ өмір сүру» және «Сүт безі обырының алдын алу» жобалары қолға алынбақ.
Шағын үздік тәжірибелер орталығының жұмысының нәтижесінде жаңа медициналықәлеуметтік көмектің қолжетімділігі мен сапасы жақсармақ.
Сонымен қатар аудан тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануын арттыруға зор ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.