Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысында ұлттық құндылықтар бәрінен биік тұруға тиіс екенін баса айтты.
«Өткенге құрметпен қарау, төл мәдениет пен дәстүрді бағалау – баршамыздың қастерлі борышымыз. Қай кезде де, әсіресе жаһандық ахуал шиеленіскен бүгінгідей кезеңде ұлттық құндылықтарымыз – біздің бағдар ұстайтын темірқазығымыз болуы керек.Сондықтан, бұл ретте бәрімізге маңызды міндет жүктеледі. Ол – ұлттық құндылықтарымызды барынша қорғау және дәріптеу. Әсіресе, заманауи тәсілдер негізінде оларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды деп есептейміз, – деді Мәулен Әшімбаев.
https://turkystan.kz/article/235015-m-ulen-shimbaev-ltty-ndyly-tarymyz-bizdi-ba-dar-staytyn-temir-azy-ymyz-boluy-kerek