Мәскеудегі лаңкестік әрекет Қазақстанда қайталануы мүмкін бе — Ішкі істер вице-министрі жауап берді

34

Сенат кулуарында журналистер министр орынбасарынан “Мәскеудегі қайғылы жағдай Қазақстанда қайталануы мүмкін бе, бола қалса қалай әрекет ету керек” деп сұрады.

“Қазір аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, концерт залдары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері лаңкестік әрекет болуы ықтимал нысандарға жатады. Қазір біз бұл нысандарға қосымша тексеру жүргізіп жатырмыз. Ғимарат иелерімен сөйлесеміз, техникалық жабдықталуын сұрап, ұсыныстарымызды айтамыз”, – деп түсіндірді ішкі істер вице-министрі.

Сонымен қатар министр жыл басынан бері дактилоскопия іске қосылғанын атап өтті.

“1 қаңтардан бастап елге кіретін шетелдіктердің бәрінен саусақ таңбасы алынатынын білетін шығарсыздар. Жыл басынан бері осы дактилоскопия арқасында елге кірмек болған 10 қылмыскерді ұстадық. Олар – басқа елдерде қылмыс жасаған азаматтар. Оның ішінде адам өлтіргендер жоқ”, – деді Игорь Лепеха.

Оның сөзінше, қазір қалай әрекет ету керегі туралы ұсыныс айту өте қиын.

“Байбаламға салынбау, мүмкіндігінше тығылып қалуға, сол жерден кетіп қалуға тырысу қажет. Құзіретің болмаса қаһарман болудың қажеті жоқ. Қазір біз Крокуста не болғанын, қалай болғанын қарап, талдап жатырмыз. Ұсыныстарға келер болсақ, мәселен мектептерде оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мұғалім сыныпты іштен жауып алу керек, сыртқа шықпауы керек, терезеден алыс болу қажет деген сынды ұсыныстар әзірледік. Мүмкіндігінше тезірек, дүрбелең тудырмай ғимараттан шыққан абзал”, – деп нақтылады ішкі істер вице-министрі.

https://stan.kz/maskeudegi-lankestik-areket-kazakstanda-kaytalanui-mumk-397566/

Leave A Reply

Your email address will not be published.