«МашАлла, Әлхамдулиллаһсыз да өмір сүрдік»: Баян Алагөзова қазақ тіліндегі діни тіркестерге шүйлікті

Танымал продюсер Баян Алагөзова қазақ тілінің тазалығына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Stories жариялап, кейінгі уақытта кейбір діни сөздердің күнделікті жиі қолданылатын алға тартты. Оның сөзінше, қазақ тілі – бай әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын тіл.
“Бұрын біз “МашАлла”, “Әлхамдулиллаһ” деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл ғой, мұндай сөздерсіз де болады емес пе?..” – деп жазды ол.

«Құны – 500 мың теңге»: Баян Мақсатқызы жолдасының туған күніне сыйлық берді
Айта кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова үй жануарлары туралы айтқаны хабарланған еді.