Мас күйде темір тұлпар басқарған астаналық судьяның көлік жүргізу куәлігінің мерзімі шығып кеткен

67

Астаналық судья Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Азаматтық істер бойынша ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева Астанада полиция жолда оны мас күйде көлік жүргізіп жатқан жерінде тоқтатты. Сараптама оның мас күйде екенін растады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тексеру барысында судья Досаеваның көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі де өтіп кеткені анықталды.

«Материалдар кейінірек Жоғарғы сот кеңесіне жолданатын ұсынысты жасау үшін Бас прокуратураға жіберілді. Онда судьяны жауапқа тарту мәселесі қаралады», — деп хабарлады ведомство.

Астана соты өз жауабында Қазақстан Конституциясына сәйкес судьяны ұстауға немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайтынын хабарлады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, судья ерекше мәртебеге ие. Судья әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда материалдар Бас прокуратураға жіберіледі, ол Жоғарғы сот кеңесіне ұсыныс енгізеді, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған ірі жол апатынан аман қалған алты адамның екеуі ауруханадан шығарылды.

https://kaz.orda.kz/mas-kyjde-temir-tulpar-baskargan-astanalyk-sudjanyn-kolik-zhyrgizu-kualiginin-merzimi-shygyp-ketken-135883/
Фото: gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.