Марихуана тұтынған 2 студент қолға түсті

476

«Рефлекс-2018» жедел іздестіру шараларының аясында Сарысу ауданында облыстық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері №5 Жаңатас колледжінің 2 студентін қолға түсірді.

Кәмелет жасына толмаған білімгерлерден ұсталған сәтте ерекше иісі бар жасыл зат салынған полиэтилен пакет табылған. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген зат салмағы 18,51 граммды құрайтын кептірілген марихуана екені белгілі болды. Жастар аталған есірткіні шегу арқылы тұтынғандарын мойындап отыр.

Сондай-ақ, наркологиялық куәландыру барысында да арнайы тест студенттердің есірткі затын тұтынғандарын растаған.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.