МАРАПАТ

1 131
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  ”7 мамыр — Отан қорғаушылар күні” мен ” 9 мамыр — Жеңіс күні” мерекесі қарсаңында мерекелік шара өтті.

Отан қорғаушылар күні — бұл ерлік пен Отанға деген адалдықтың нышаны болып саналатын мереке.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Мерекелік іс- шарада Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов қызметтегі жақсы жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар үздік қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап, төс белгілерін тапсырды. Сонымен қатар, жеке құрам қызметкерлерін Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, еңбектерінде табыс, қызметтерінде сәттілік тіледі.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.