Маңызды мәселеге арналды

205
Аудан прокуратурасымен «Қазсушар» РМК-не енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынудың аясында, аудан прокуратурасы, аудан әкімшілігі, Қазсушар және АШК басшылары мен шаруа қожалықтарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
✅Аудан прокуратурасы Қазсушардың жұмысын қайталап, су сатып алып, қайта сатумен айналысатын 1 шаруа қожалық пен 7 ауыл шаруашылық кооперативтерін анықтады. Өз кезегінде бұл тарифтін қымбаттауына әсер етуде. Сол себептен жиынның барысында аудан прокуратурасының өкілдері Қазсушармен тікелей келісім-шартқа отыру керектігін шаруа қожалықтарға жеткізді.
✅Сонымен қоса, суды шаруа қожалықтарға бөліп беру бойынша біраз сұрақтар талқыланды. Атап айтқанда, қаншалықты су қажеттігі, келісім-шартқа тікелей келіп Қазсушармен отыру, каналдарда болып жатқан құрылыс жұмыстары және алшақтау орналасқан, су жеткізу қиынға соғатын ауылдық округтер бойынша суды жеткізу мәселелері талқыланды.
Ең басты шешілуге тиіс мәселе халыққа жеткілікті суды келесі маусымда толығымен жеткізу бойынша айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.