Мануалды терапия: қандай белгілер пайда болғанда маманға бару керек?

906

Сонау ерте заманнан бері халық арасында емшілердің сүйек ауруларын қолмен емдеу әдісі қалыптасқан. Қазіргі таңда да мұндай мануалды терапия әдісі талай жанға шипа. Танымал қазақстандық мануалды терапевт, «Гиппократ» медалінің иегері Нұрлан Бәйменов сұхбат барысында өзінің жеке емдеу әдісінің қыр-сырымен бөлісті.

– Нұрлан Барешұлы, Қазақстанда мануалды терапия ресми медициналық әдіс ретінде қолданыла ма?

– Қолмен емдеу терапиясы – адам ағзасына механикалық әсер ету арқылы дәрігердің қолымен жүзеге асырылатын кең көлемді және түрлі практикалық қосымша ем жасаудан тұрады. Бұрыннан халық арасында мануалды терапияны «қолмен емдеу» деп атайды. Қазақстанда мануалды терапия өте жақсы дамып келеді. 1990-шы жылдары тұңғыш президенттің Жарлығымен ол дәстүрлі медицина әдістерінің қатарына қосылды, ал осы уақытқа дейін қолмен емдеу терапиясы дәстүрлі медицинаның бір түрі ретінде қараған.

– Мануалды терапия әдісімен қалай емдеуге болады?

– Мануальды терапия қимыл-тірек аппаратының бұзылуын анықтауға және қалпына келтіруге бағытталған диагностикалық және қолмен емдеу әдістерінің жүйесі. Омыртқаға, буындарға, теріге, бұлшық еттерге, ішкі ағзаларға, қан тамырларына, жүйке тамырыларына қолмен әсер ету арқылы жасалады.

– Мануалды терапия мен остеопатияның айырмашылығы неде?

– Мануалды терапияның негізін қалаушы ежелгі философ және дәрігер Гиппократ болды, ал остеопатия 1874 жылы американдық Эндрю Стилл қолмен емдеу әдістерін енгізген дәрігердің бірі. Ол остеопатияны тірек-қимыл аппаратына әсер ету арқылы ауруларға диагностика жасау және емдеудің өзіндік әдісі деп атады. Остеопатия мануальды терапия әдістеріне де жатады. Гиппократтың ежелгі әдісінен бастап Касьян әдісі, остеопатия және тағы басқа әдістердің барлығында белгілі бір ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Мануальды терапияда қолмен әсер етудің көптеген қырлары мен әдістері бар. Көп нәрсе маманның  әдісіне, емдеу тәжірибесіне байланысты деп ойлаймын.

Мануалды терапия: қандай белгілер пайда болғанда маманға бару керек?

– Сіз мануалды терапия әдісімен емдеуді неліктен таңдадыңыз?

– Адам ағзасының құрылымын білмей, қолмен денеге әсер ету арқылы ем жасау мүмкін емес. Әрине, бұл ретте ежелгі философтар мен практиктердің еңбектерінен оқыған анатомия туралы білімімді жетілдірдім. 1986 жылдан бастап био және космоэнергетика арқылы берілетін емдеу әдісін қолданған ежелгі үнді және ежелгі қытай философторы, Авиценна, Гиппократ пен Да Винчидің ілімінен бастап қазіргі медицина саласындағы ірі ғалымдардың еңбектеріне дейін зерттедім. Көпетеген сүйек ауруларын емдейтін емшілер ата-бабасынан бала кезінен үйреніп, қолданып жүрген көптеген өнерді бойына сіңірген. Мен көркем әдебиеттен гөрі медициналық әдебиет көздеріне көбірек көңіл бөлдім. Оккультизм және экзорцизм  білімін жетік меңгергенім адамдарды емдеу қызметімде көп пайдасы тигенін атап айтқым келеді. Мәскеу, Түркия, Франция елдерінде өткен конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатыстым. Әсіресе, мен үшін 2010 жылы (1430 хижра) Сауд Арабиясына қажылықты орындау парызым мол рухани ілімнің берері көп болды.

– Нұрлан мырза, емдеу әдісіңіздің негізгі қыр-сырларына тоқталсаңыз.

– Мен 1996 жылы «Рухани және дәстүрлі медицина» орталығында жұмыс істей отырып, қолмен әсер ету арқылы емдеуді жаттықтыра бастадым. Өзімнің оқыған мануальды терапия тәжірибесін жетілдірдім. Нүктелік, рефлекторлық және қолмен әсер етудің тиімділігіне көз жеткіздім. Менің денеге қолмен әсер ету әдісім мейлінше тез әрі науқас ауырсынуды аса қатты сезінбейді, мұндай емдеу әдіс тиімді де нәтижелі ем жасауға мүмкіндік берді. Менің ұстазым медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Ш.М. Шинтаев «Тәжірибесіз теория соқыр, ал теориясыз тәжірибе саңырау» деп айтқанындай, меңгерген білім мен өмірлік тәжірибе үнемі өзіңді жетілдіруде қоса қабат жүреді. Одан кейінгі емшілік әрі дәрігерлік тәжірибем «Реацентр Қазақстанда» 2019 жылға дейін жалғасты.

– Сіздің тәжірибеңізде қандай ауруларға ерекше ем болды?

– Мен өз тәжірибемде көп жылдық тәжірибеге негізделген қолмен әсер етудің жеке әдісімді қолданамын. Қолмен емдеу және остеопатикалық мамандар үшін мүмкіндіктер ауқымы өте үлкен. Мұның бәрі ауыз омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін тірек-қимыл аппараты мен омыртқаның проблемаларымен тығыз байланысты. Омыртқаның қисаюының барлық түрлері (сколиоз, лиоз, лордоз, кифоз, тортиколлис) ішкі ағзалардың деструктивті өзгерістердің адам ағзасының әлсіреуіне алып әкеледі. Меридиандар бойымен энергия ағыны мен  ішкі ағзалар жүйелерінің белсенділігі, қан қысымынан перифериялық аяқ-қолдардың ауруларына дейін бүкіл ағзаның бүкіл қызметі бұзылады. Омыртқаның үйкеліс дискілеріне әсер ету арқылы омыртқаны тұтастай түзетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде  бүкіл ағзаның энергия ағыны және қан айналымы жақсарады.

– Қандай белгілер пайда болғанда маманға бару керек және не нәрсеге назар аудару керек?

– Егер қан қысымының жоғарылауы, бас ауруы, сүйектер мен буындардың ауыруы, дене қызуының көтерілуі, тұншығу, шамадан тыс терлеу, патологиялық шаршау, апатия, невроз және т.б. белгілер пайда болғанда маманға жүгінген дұрыс.

– Мануалды терапиядан кейін қандай дәрігерлік кеңес айтар едіңіз? Ем алушы ауруынан жазылған соң қалай күтіну керек?

– Аурудың түріне қарай массаж жасауда, дене тұрысын түзетуде және арнайы жаттығулар сериясына қолмен мануалды әсер ету арқылы қолданылады. Қайталап қалмас үшін белгілі бір уақыт ішінде ауыр жүкті көтеруден және күш түсіретін жаттығулардан аулақ болу керек.

– «Ауырып ем іздегеншеауырмайтын жол ізде» дейтін халық нақылы бар. Сіздің ұсыныстарыңыз қандай?

– Ең алдымен салауатты өмір салтын ұқстану. Бұл дегеніңіз – дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, таза ауада серуендеу, 10 сағат көлемінде толыққанды  ұйықтау және жан тыныштығын сақтау.

– Сүбелі сұхбатыңыз үшін алғысымды білдіремін!

Эльмира Сұлтанбаева

https://turkystan.kz/article/209828-manualdy-terapiya-kanday-belgiler-payda-bolganda-mamanga-baru-kerek/

Leave A Reply

Your email address will not be published.