«МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ ҚАРАСУ АУЫЛЫНЫҢ ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

229
«Мансап» орталығының бас маманы ағымдағы жылдың 08 тамызы күні Қарасу ауылының жұмыссыз азаматтарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ауыл тұрғындары қатысты.
Жуалы аудандық «Мансап орталығы» филиалының бас маманы Айбек Маралұлы Жанұзақов, округ әкімі Жанар Нұрмұратқызы, Карасаз, Қызыларық ауылдық округінің ассистенті Толқын Тастинбекқызы Қорабекова қатысты.
«Мансап» орталығының маманы Айбек Маралұлы осы кезеңге дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді мансап орталықтары болып қайта құрылғандығын жеткізді. Орталықтың негізгі мақсаты – өңірдегі жұмыспен қамту саясатын жүйелі дамыту.
Ауылдық округтің тұрғындарына «Мансап орталығының» жұмысы мен бағдарламалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Орталық мамандары жұмыссыз азаматтарға «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу», «Жұмыссыздарды жұмыс берушілердің кәсіпорнында оқыту және жұмыспен қамту», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс», «Қайтарымсыз грант» туралы ақпараттармен бөлісіп, әр бағдарламаның мазмұнымен таныстырды.
Ауылда 20 отбасы тұрады. Ауыл тұрғындары «Мансап» орталығының бағдарламаларымен танысып, бірер сұрақтарына жауап алды. Атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын білдірді.

 

Жуалы ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.