Маңғыстауда жарылыс болды

223

Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды.

Фото: freepik.com

Оқыс оқиға аудан аумағында «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», — деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

paryz.kz/kazakhstan-news

Leave A Reply

Your email address will not be published.