Маңғыстауда «Көпэтносты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

47
Маңғыстауда «Көпэтносты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Маңғыстау облысы әкімдігі
https://turkystan.kz/article/259749-mangystauda-kopetnosty-otbasy-baiqauynyn-zenimpazdary-anyqtaldy

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен бастау алған, этносаралық бірлік пен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Көпэтносты отбасы» байқауы өз мәресіне жетті.

Игі шара түрлі этнос өкілдерінің арасындағы татулықты нығайтып, олардың мәдениеті мен дәстүріне деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға өңірдегі этностық құрамы әртүрлі 10 отбасы қатысты. Сараптау нәтижесінде үздік деп танылған үш жанұя – Роза Блохонинаның, Қойшыбек Бегендіковтің және Татьяна Мурадянның отбасылары жеңімпаз атанды.

Бірінші жеңімпаз – Роза Блохонинаның отбасы, көпэтносты үйлесімділіктің жарқын үлгісі. Роза Блохонинаның өзі татар этносынан, жұбайы – орыс, Бұл отбасында қазақ, еврей ,армян және болгар этностарынан бір шаңырақ астында жарасымды тіршілік кешіп келеді.

Татулығы мен ауызбіршілігі өзгелерге үлгі боларлық Қойшыбек Бегендіковтің отбасы – қазақы салт-дәстүр мен өзге этностар мәдениеттерінің ұштасқан ордасы. Қойшыбек Бегендіков пен жары – қазақ, ал келіндері кәріс және қырғыз этносынан.

— Біз ешқашан балаларымыздың таңдауларына қарсы болған емеспіз. Бір ғана этностан болу керек деген талап қойылған жоқ. Қазақ халқы ежелден кеңпейіл, қонақжай халық. Бүгінде өңірімізде түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ешуақытта ешкімді шеттеткен емеспіз, сол дәстүріміз әрі қарай да жалғаса береді деп сенемін. Ел аман, жұрт тыныш болсын, мереке құтты болсын! — деді байқау жеңімпазы Қойшыбек Бегендіков.

Жеңімпаздар қатарындағы Татьяна Мурадян армян отбасы да бар. Бірлігі мен тірлігі жарасқан көпэтносты жанұяда тәжік, орыс, әзербайжан, түрік ұлт өкілдері тату-тәтті өмір кешуде.

Байқау аясында жеңімпаз отбасыларға арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.