Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

133

Бұл туралы Ақтауда қала әкімдігі мен қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық пен кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткен жиында айтылды.

Биыл білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген.

«Мониторинг қорытындысы бойынша 7 жалған диплом қолдану фактісі анықталып, ол мұғалімдердің барлығы қызметтерінен шығарылды»,- деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Хайруллин айтты.

https://turkystan.kz/article/239261-ma-ystauda-7-m-alim-zhal-an-diplommen-zh-mys-istegen

Leave A Reply

Your email address will not be published.