Маңғыстау облысында екі қызды зорлаған күдікті суицид жасады

122

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция ғимаратының терезесінен секіріп кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растаған.

Биыл 5 ақпанда кешкі сағат 20:00-де облыстағы аудандардың бірінің тұрғыны екі қызының зорлық-зомбылық көргенін айтып, полицияға шағым түсірген.

Әйелдің айтуынша, ер адам 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған екі қызын 4 жыл бойы зорлап келген.

«Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын танысы екені анықталды. Ер адам арам пиғылын 2019 жылдан бастап жүзеге асырған. Құқық қорғау органдары сол күні жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті тергеу кезінде істеген ісін мойындаған», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/

Leave A Reply

Your email address will not be published.