Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды

42

Шайдоров еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 190.37 ұпай жинады. Жалпы есепте 285.10 ұпайға қол жеткізді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды.

Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадан кейін көшбасшылықты сақтап тұрды. Нәтижесінде ол басымдықты жібермей, алтын медаль жеңіп алды.

Шайдоров еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 190.37 ұпай жинады. Жалпы есепте 285.10 ұпайға қол жеткізді.

Екінші орынды 265.02 ұпаймен Ча Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленді, ал үшінші орынға 245.01 ұпаймен америкалық Джимми Ма тұрақтады.

Диас Жиренбаев 19 орынға ие болды. Ол 166.34 ұпай жинады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды. 2015 жылы Сеулде Денис Тен топ жарған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған еді.

olympic.kz

https://turkystan.kz/article/256322-m-nerlep-syrganaushy-mikhail-shaidorov-tort-ku-rlyk-chempionatynda-zhenimpaz-atandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.