Бұған дейін жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмағаны хабарланған болатын.
Бұған дейін жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмағаны хабарланған болатын. Оның жоғалып кетуіне байланысты полиция іздестіру жұмыстарын жедел бастаған еді.
Жоғалған балаға қатысты деректер бірден жарияланып, тәртіп сақшылары кешенді іздестіру шараларын қолға алды. Жасөспірімнің белгілері мен киім үлгісі де таратылып, тұрғындардан көмек сұралған.
Іздестіру барысында жасөспірімнің анасына жіберген аудио хабарламасы да тарады. Дауыстық жазбада баланың абдырап, қобалжып тұрғаны байқалады.
Анашым, 60 секунд қана қалды… Мам, қалай істеймін?.. Қалай?.. Маған біреуді жіберші, мен қолыммен бұлғаймын!
Маған көмектесші, анашым, менің өлгім келмейді… Мен сені жақсы көремін, анашым! — деп Бибарыс анасына аудио хабарлама таратқан.
Үзіндіден оның нақты не айтқысы келгені толық түсінікті болмаса да, сөздері алаңдаушылық тудырған.
Қарағанды облысының полициясы жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесінде Рыс Бибарыс Бекнұрұлы табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Еске салсақ, күні кеше де осыған ұқсас жағдай орын алды. Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды. Белгілі болғандай, із-түссіз жоғалған 2010 жылы туған Хасен Мардан Ғалымжанұлы 21 наурыз күні Ордабасы ауданындағы үйінен шығып, Түркістан қаласына барған. Жасөспірім полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде аман-есен табылды.