Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдығына орай Мойынқұм ауылындағы Жаз Ата саябағында еске алу іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында ардақты тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолына құрмет көрсетілді.
Гүл қою салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, ауыл ардагерлері, тұрғындары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиын барысында Жазылбек Қуанышбаевтың еңбек жолы кеңінен айтылып, тағзым ету рәсімі ұйымдастырылды.
Мұндай тағылымды іс-шаралар елге еңбегі сіңген тұлғалардың мұрасын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі болуға бағытталған.