«Малға азық болуда»: Елімізде қоймалардың тапшылығынан алмалар қоры бұзылуда

215

Елімізде биыл 300 мың алма жиналып, рекордтық көрсеткіште өнім берген. Алайда оның 100 мыңы шіріп, малға азық болған. Фермерлер жеміс, көкөністерді сақтайтын қоймалардың жоқтығын айтып, үкіметтен көмек сұрауда, деп хабарлайды 08 ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Фермерлер үшін бұл пайданың болмауы мен жұмыс күшінің қысқаруы және фермаларды ұстауға қаражаттың жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Ал тұтынушылар үшін – алманың қымбаттығы мен өнім тапшылығы пайда болады. Статистика бойынша Қазақстан жыл сайын 90 мың тоннаға жуық алма импорттайды. Себебі онсыз да 100 мың тонна өз өнімін жоғалтуға мәжбүр. Сақтау көлемі егіннің 20 пайызына ғана жетеді. Тіпті қазіргі қоймалардың да жағдайы мүшкіл.

“Өкінішке орай, қоймаларымыз ескі болғандықтан өнімді қоймаға қойғаннан кейін де сол жерде сақталғандарының 20-25 пайызын жоғалтып аламыз. Себебі қойма температура, ылғалдылық жағдайына қойылатын талаптарға сай келмейді. Жемісті сақтау үшін барлық режимдер қадағалануы керек”,- деді «КазНИИ бау-бақша» ЖШС басқарма төрағасы
Теміржан Айтбаев.

Бау-бақша дақылдарының барлық түрін сақтау үшін жайлы қоймалардың болуы маңызды. Бізде өңдеу жұмыстары да 20% деңгейінде қалады. Ал мемлекет субсидиялары негізінен ірі өндіріске бағытталған.

“Бұл мәселенің шешімі барлық шағын бау-бақшаларды біріктіру. Сонда ірі өндіріске айналған бау-бақша кооперативі кез келген мемлекеттік қолдауға ие бола алады”,- деді ауыл шаруашылығы министрлігі.

 

Мамандар билікті тек ірі шаруашылықтарды ғана емес шағын және орта қоймалар мен өндірістік цехтар ашуға шақырады. Үлкен нысандардан айырмашылығы, оларды толтыру оңай және тиісті стандарттарға сәйкес келеді.

«Үлкен нысан салуға әркімнің қалтасы көтере бермейді. Ол үшін несие алып, оны әлі қайтара алмай жүргендер қаншама. Оның үстіне қызмет көрсету сапасын да көтеру керек. Бұл тұрғыда өз-өзін ақтау өте қиын”,- деді Dala-Fruit.kz компаниялар тобының иесі Болатбек Әлиев.

Бүгінде Қазақстан қоймаларында 800 мың тоннаға жуық жеміс-жидек пен көкөністі сақтауға болады. Азық-түлік қауіпсіздігі мен ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін жылына 5 миллион тоннаға жуық көкөніс пен жеміс қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.