МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

226
Өңірде мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі ұлғаюда. Мәселен, бүгінгі күні облыстағы жалпы мал саны 4,7 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ке артса, оның ішінде мүйізді ірі қара саны — 5,2%, қой мен ешкі — 7,1%, жылқы — 9,3% артты.
Қазіргі уақытта аймақта асыл тұқымды 117,3 мың бас мүйізді ірі қара мен 871,3 мың бас қой болса, олардың үлесі тиісінше 24,3% және 27,2% құрайды.
Одан бөлек, жыл басынан бері мал шаруашылығы саласында 139 554,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,1 процентке артты. Мал шаруашылығындағы өнімдердің артуына ет өндірісінің — 4,9%-ке, сүт өндірісінің — 1,4%-ке өсуі әсер етті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.