МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ

65

Облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында қашықтықтан өтті.
Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты:
Шайқорық орта мектебінің 8 сынып білім алушылары «Экотеатр» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.
«Жасыл мектеп» номинациясы бойынша А.Макаренко атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жарылқасын Ақерке бас жүлдені иеленді.
«Жасыл мектеп» номинациясы бойынша Жамбыл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ережеп Жаннұр І орынды иеленді.
«Идеядан іске асыруға дейін» номинациясы бойынша А.Макаренко атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әбдіманап Қарақат ІІ орын;
«Эко блогер» номинациясы бойынша №6 мектеп –гимназияның 8 сынып оқушысы Битөре Қымбат ІІ орынды иеленді.
«Үздік арт-нысан» номинациясы бойынша Ю.Гагарин мектеп лицейінің 8 сынып оқушысы Жұмабай Амина ІІІ орынды иеленді.
✅Облыстық кезеңнің жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңге қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Жамбыл Ауданы Білім Бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.