Мәдениет қызметкерлері жазасын өтеушілермен жүздесті

123

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актёрлары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде болып, жазасын өтеушілермен жүздесті.

Кездесу барысында мәдениет саласының қызметкерлері өздері арнайы дайындап алып келген театрландырылған қойылым мен мәдени шараның бағдарламасымен таныстырды.  Сонымен қатар өткізілетін концерттің бар екенін де айтты.

Шарада артистер түрлі бағытта әңгіме өрбітіп, сотталғандардың сұрақтарына жауап берді.

Comments are closed.