Мәдени шаралардың маңызы зор

90

«Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз.» Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі. Ел болып қалу үшін маңызды салаларды бақылаудан шығармау қажеттігін айтқан Мемлекет басшысы бұл саяси құжатында аталған саланы дамытуға да ден қою қажеттігін жеткізген еді.

Жалпы алғанда, мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Бұл тұрғыдан келгенде тарихы терең, мәдениеті ғасырлармен тел дамыған еліміздің ең көне шаһары – Тараз қаласында мәдениетті дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Оған мәдени-көпшілік шаралардың қосар үлесі зор. Осыны ескере отырып облыс орталығында түрлі шаралар жүйелі түрде өткізіліп отырады. Солардың ішінде ерекше атап өтерлері де баршылық.

Мәелен, республикалық деңгейінде 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото арқылы барынша насихаттап, жаңарып, жасарған шаһарды көпшілік арасында жаңа бейнеде көрсету мақсатында «Тараз – тарих толқынында!» республикалық фото байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Түркістан облысы, Тараз, Шымкент, Алматы қаласының кәсіпқой фотографтары қатысып жүлдеді орындарға ие болды.

Республика бойынша бірінші рет қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабадан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсатында «КиізFest» фестивалі өтті.

Сонымен қатар қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған көрпе, ұлттық тағамдар жасау өнері мен технологиясын жастар арасында насихаттау, төл өнерімізді дамытып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «FoodFest-Taraz» қазақ ұлттық тағамдар байқауы, «Көрпе-Fest» және «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бұрымды қыздар байқаулары өткізілді.

Сонымен қатар ардагерлер арасында «Қолөнері» байқауы, «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» атты әжелер байқауы ұйымдастырылды.

Ал биыл желтоқсан айында Тараз қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық «QazIQ» атты интеллектуалдық ойынын ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шара төрт номинация бойынша бағаланады. «Үздік талпыныс», «Үздік капитан», «Үздік команда» «Көрермен көзайымы» номинациялар. Сондай-ақ шараға 100 аса команда, 1000 аса адам қатысуы жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.