М.Мәметованың 100 жылдығына арналған «Елдің тыныштығы – ең үлкен аманаты» атты облыстық студенттер арасында облыстық пікірсайыс турнирі

148

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы, облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырыпМ.Мәметованың 100 жылдығына арналған «Елдің тыныштығы – ең үлкен аманаты» атты облыстық студенттер арасында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнир Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі 268. Мекен жайында Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің қабырғасында өткізілді

Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудан студенттерін жинау арқылы жүргізіліп, аудандардың бетке ұстар жастары қатысты. Турнир іріктеу турнирлерінен 1/8, 1/4, 1/2, және финалдан тұрды. Турнир пікірсайысшылар арасында танымал АПФ, ЛД форматтарында ұйымдастырылды. Тартысқа толы өткен турнирдің нәтижелері төмендегідей.

Турнир 2 лигада өтті.

«Альфа лигасы»

1 орын — «Бегім — ай» фракциясы Тоқтар Аружан, Қыдырәлі Шұғыла иеленді.[ЕОА]

2 орын — «Эдельвейс» фракциясы Серикова Аружан, Реймбаева Асель иеленді [ЕОА]

3 орын — «Көбелектер» фракциясы Жеткерген Асель, Ташим Аружан иеленді. [ Жас Алаш]

3 орын — «Фаризаның немерелері» фракциясы Бабалы Күмісай, Мәулен Нұрлыбек иеленді. [Жас Алаш]

Бетта лигасының 1 орынын — «NN» фракциясы Тлеумұратов Нурдаулет, Мэлс Нұрдана иеленді.[ЕОА]

2 орынын — «Қыз Жібек» фракциясы Құдиярбек Асем, Сәбит Аяна иеленді. [Жас Алаш]

3 орын — «Мирцам» фракциясы Өмірғали Айсұлтан, Талғат Қарақат иеленді. [Алғырлар]

3 орын — «Moon» фракциясы Бекбосын Мәншүк, Асқар Жанель иеленді [Жас Алаш]

”Ең үздік спикер” номинациясын Әмірхан Шамшәт жеңіп алса,”Үздік спикер” номинациясының иегері  Серикова Аружан  атанды. Қалған командалар “Үздік талпыныс”, “Ең креативті топ”, “Үздік аналитик”, “Үздік идея иесі” және т.б. номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздарға кубоктармен қатар ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Ал, студенттер арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау үшін турнирді толығымен біліктілігі жоғары «Төрешілік оқыту» курсынан өткен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.

  Осылайша, дәл қазіргідей болашақта да оқушылар мен студенттерді кез-келген салада дамыту мақсатына бағытталған жастардың ұсынған әрбір тың идеялары мен жобалары Жастар басқармасының тарапынан  қолдау таба бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.