Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы сайыс

18

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес, елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеп жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахматтан жарыс өтті.

Жарысқа қатысушылар – тірек-қимыл қозғалысы бұзылған және көру, есту қабілеті төмен жандар. Осыған қарамастан олардың арасында мекемеішілік жарыстарда жүлделі боп жүрген азаматтар да бар екен. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ақыл-ойды дамытатын мұндай ойын түрлеріне мүгедектер қызыға қатысады екен.

Өзара кездесулер негізінде өткізілген жарысқа 4 сотталған қатысты. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша шын мықты анықталып, жеңімпаз бен жүлдегерлерге алғыс жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.