Теміртау қаласында туристік фирмада қызмет еткен 32 жастағы әйелдің өлтірілу фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды.
Аймақтық ІІД мәліметінше, аталған іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен (Адам өлтіру) қарастырылып отыр. Тергеу барысында полицейлер Теміртаудың 37 жастағы тұрғынын ұстады.
Қылмысын мойындаған әйел қазіргі кезде уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Тергеу амалдары жалғасуда және ол департамент басшылығының бақылауында.
Адам өлтіру оқиғасы өткен аптада Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы көпқабатты үйдің лифтінде болған. Марқұмның денесінен көптеген пышақ жарақаттары анықталды.