Күзгі спартакиада өтті

558

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» немесе «Бірінші байлық-денсаулық» – деп бекер айтпаған.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына жағдай жасалған. Сондай-ақ, олардың арасында түрлі спорттық жарыстар да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Сондай жарыстардың бірі күні кеше өтті. Жазасын өтеушілер арасындағы жарыс сотталғандардың түзелу жолына түсуіне қол жеткізуге ықпал ететін салауатты өмір салтына ынталандыру мен дамыту, моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мен демеу мақсатында ұйымдастырылды.

Сотталғандар арасында күзгі спартакиадаға 200-ден аса сотталған азамат қатысты. Жарыс барысында жазасын өтеушілер 60 және 100 метр қашықтыққа жүгіру, гір тасын көтеру, турникке тартылу, қол күрестіру және шағын футбол секілді 5 спорт түрінен бақ сынады. Нәтижесінде үздіктер анықталып, түрлі сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен командаларға мекеме бастығының бұйрығымен марапатау дайындалуда.

А.Дәулетқұлов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің САТӘПЖ бөлімінің бастығы,

әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.