Күйзелістен шығудың жолы – қоғамнан оқшауланбау

384

Белгілі ғалым Гоур өз зерттемесінде әлеуметтік қолдауды көп көретін жандарда ағзаны респираторлық инфекциядан қорғауда маңызды рөл атқаратын қан құрамы теріден тыс көлемі жоғары екенін тапқан. Әлеуметтік қолдау тек дене үшін емес, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесінің де дәрімені боп табылатынын анықтаған.

Уыстап ішкен дәріден бір ауыз жылы сөздің шипасы басым екенін ескереміз бе? Бүгінгі қоғам әлсізді аяусыз ажалға итермелеп, мықтысы ғана ысырылып шығатын жыртықштар аренасына айналғандай. Қасында қолдаушылары болмаса, жеке тұлғаны қатулы қоғамды қиындықтан құтқара алмайды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде сотталған азаматтардың қатысуымен «Күйзеліс жағдайынан шығару» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында физикалық һәм психологиялық боп бөлінетін стрестің тәннен де ауыры – жан азабының күйзелісі болмақ екендігі, саналы сатыдағы адамдардың өзгені қаралауға келгенде алдына жан салмайтын бейқасиетінен арылу замана ағымымен қиындай түсуінде көптеген себеп-салдары бар екендігі туралы орамды ойлар айтылды.

Жалпы, мекеме психологтары жазасын өтеуші азаматтармен жиі-жиі жүздесіп олардың қабырғасын қайыстырған күйзелістен құтқарудың жолын іздейді. Мамандардың айтуынша, технология қарыштап дамыған бүгінгі қоғамда кез-келген жанның күйзеліске ұшырауының маңызды бірі – әлеуметтік желі боп тұр. Ол рас. Алмағайып заманда таймасын деп тілеңіз. Сәл қисайса, әлеуметтік желідегілер шиедей талап тастайды. Жаңылғанын жанға: «Күйзеліске ұшырадың-ау», — деместен жан жарасына уды аямай құйып, әлемге дабылдатады. Физикалық тұрғыдан қол жұмсамай-ақ, психологиялық тұрғыдан адамды жоқ қып жіберуге дайын. Көптің талауына түскен адам өмірге деген құлшынысын жоғалтып, бойын тіктей алмай, ақыр соңы кеселге ұрынып жатады.

Мұндайда келте тонның етегін кесіп бере алмасымыз тағы анық. Ендеше, тек қана мейірімділік таныту арқылы ғана айналамызды гүлдендіріп, қасымыздағы күйзелген жанға қолдау көрсете аламыз.

Айнұр Көшерова,

ЖД-158/5 мекемесінің психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.