Өзбекстан Республикасының Қашқадария облысының жігітіне тұрмысқа шыққан андижандық Насибахон Ибрагимованың жасауы әлеуметтік желілерде көпшілікті сүйсінтті. Ол күйеуінің үйіне жүздеген кітап алып барған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жұбайы Миржалол Махмараимовтың айтуынша, олар болашақ жары екеуі бірнеше жыл бойы кітап жинаған, ал үйлену тойынан кейін олардың ортақ кітапханасындағы кітап саны бір жарым мыңға жеткен.
«Біз үш жыл кездесіп жүрдік, бірге кітап оқыдық, бірге жинадық, сатып алдық. Сонымен қатар кітаптарды онлайн сатуды да ұйымдастырдық. Біздің арманымыз — ортақ бір кітап сөресінің болуы еді. Біз 2025 жылдың тамыз айында үйлендік. Той алдында ол менің үйіме бірге жинаған кітаптарымызды және өзінде болған кітаптарды алып келді. Кейін бір сөре жасап, жеке кітапхана құрдық», – дейді Миржалол.
Отбасылық кітапхана Миржалолдың Көкдала ауданының «Шүрқұдық» махалласындағы үйінде орналасқан. Ал ерлі-зайыптылардың өздері қазір Ташкентте жалдамалы пәтерде тұрады — Миржалолдың жұмысы осында, ол Чорсудағы кітап дүкендерінің бірінде еңбек етеді.
«Кітапханамыздың суреті кездейсоқ тарап кетті. Бұл Зүлфия атындағы сыйлыққа үміткер болу үшін тапсырылған құжаттарға қоса берілген фото еді, оны бір блогер таратып жіберген», – дейді ол.
Биыл Насибахон Зүлфия атындағы сыйлықты ала алмады, алайда отбасы келесі жылы тағы да бақ сынап көрмек.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277625-kuieuinin-uiine-800-kitaby-bar-zasau-alyp-bargan-qalyndyq-qyzu-talqyga-tusti