«Күнделік» ақпараттық жүйесін оқыту курстары өтуде

1 398

Жамбыл облыстық білім басқармасы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының ұйымдастыруымен «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша оқыту курсы өткізілуде, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Шара «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында іске асып отыр. Екі күндік оқыту курсына облыс аудандарынан, басқармаға қарасты білім мекемелерінен барлығы 160 информатика пәні мұғалімдері мен мектеп директорларының орынбасарлары қатысатын болады.
Облыс бойынша аталған жүйеге 436 мектеп тіркелген. Қалған 14 мектеп жыл соңына дейін толығымен тіркелетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.