Күн тәртібінде келелі мәселелер қаралды

171
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтң төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мән өткізуге дайындығы, «АMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының желілік кестесінің орындалуы туралы мәселелер қаралды.
Алдымен, алдағы сайлау науқанына байланысты баяндама жасаған тиісті сала өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында баса айтқан сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлығына сәйкес «АMANAT» партиясының аудандық филиалы жанынан саяси науқанда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін 30 адамнан тұратын қоғамдық штаб бойынша кеңінен ақпарат берді.
Атап айтсақ, науқан мерзімінде барлық жұмыстарды ұйымдастырып, үйлестіретін 11 адамнан тұратын штаб аппараты, 6 адамнан тұратын тұратын бақылаушылар штабы, 26 жастан құралған науқан барысында аудан аумағында үгіт-насихат құралдарын тарататын белсенділер жасағы, 75 адамнан құралған 25 сайлау учаскесінде сайлау күні партия Кандидатының сенімді өкілі ретінде сайлаудың өту барысын бақылайтын партияның сенімді өкілдерінің тізімдері жасақталған.
Сонымен қатар, саяси науқанның басты бағдаршамы желілік кесте әзірленіп, бүгінгі таңда белгіленген шаралар өткізілуде.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (ары қарай – Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №45-2 шешімімен қалыптастырылған. Аудан бойынша 1 аудандық сайлау комиссиясы және 25 сайлау учаскелері орналасқан. Оның ішінде, 7 сайлау учаскесі Жаңатас қаласында, 18 сайлау учаскесі ауылдық округтерде. Сайлау учаскелерінің 17-сі мектептерде, 1 колледж ғимаратында, 1 мәдениет үйі, 1 спорткешені, 4 ауылдық клуб үйлері ғимараттарында және 1 сайлау учаскесі жеке секторда орналасқан.
Сайлау комиссияларының құрамы – 168 адамды құрайды, оның ішінде аудандық сайлау комиссиясы құрамы – 7, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы – 161 комиссия мүшелерінен тұрады.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша 16 сайлау учаскелерінде — 5 мүше, 3 учаскеде — 7 мүше, 3 учаскеде — 9 мүше, 3 сайлау учаскелерінде — 11 комиссия мүшесі жұмыс атқаратын болады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.