Қызылшаға қарсы вакцинация туралы

234

 

«Serum Institute of India» компаниясы шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина Қазақстанда 1 және 6 жас аралығындағы балаларды вакцинациялаудың Ұлттық күнтізбесі шеңберінде жоспарлы вакцинациялау үшін 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және біздің елімізде де, әлемде де өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Вакцина өндірісін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған, ол өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Бұл вакцинаны өндіруші әлемде кеңінен танымал, ол вакцинаны 170-тен астам елге жеткізеді.

Елімізде вакцинаны енгізуге байланысты асқынулар тіркелмегенін атап өту керек. Өндірушінің нұсқаулығында сипатталған вакциналардың көпшілігін енгізу кезінде пайда болатын дене температурасының қысқа мерзімді көтерілуі, қызару, вакцина енгізілген жерде ісіну ретінде күтілетін реакциялар көрсетілген.

Барлық вакциналар міндетті түрде препарат тіркелгенге дейін де, оны қолдану басталғаннан кейін де қауіпсіздікке арнайы зерттеулерден өтеді. Вакциналардың құрамына кіретін барлық заттар туралы мәліметтер олардың нұсқаулығында қамтылған. Вакциналардың құрамы туралы ақпарат кез-келген қызығушылық танытқан адамға қолжетімді.

Әкелінетін вакциналар (әрбір серия, партия) қауіпсіздік пен сапа бағалауынан (ҚСБ) өтеді, бұл тиімді және қауіпсіз вакциналарды пайдалануға рұқсат беруді қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚСБ рәсімінен өту кезінде вакцина өндірушісі өндіруші зауыттың сапа сертификатымен бірге сол елдің уәкілетті органы аккредиттеген өндіруші елдің зертханасы берген серияның сапа сертификатының көшірмесін ұсынады. Осылайша, өндіруші зауыт сапалы және ең бастысы тексерілген вакциналарды жеткізуді қамтамасыз етеді.

Вакцинацияның басты мақсаты – халықты тиімді вакциналары бар жұқпалы аурулардан қорғау. Денсаулық жағдайына байланысты егуге болмайтын халықтың неғұрлым осал топтары, сондай-ақ жасы бойынша вакцинация сатысындағы балалар ерекше қорғауды талап етеді.

 

 

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары – Неили Муликова

Leave A Reply

Your email address will not be published.