Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласын көріктендіріп, сәулетін арттыру бүгінгі таңда өңірдегі басты мәселеге айналып отыр. Осы мақсатта көне шаһардың көркін ашатын еңселі нысандар күн санап бой көтеруде. Алайда, кейбір кәсіпкерлік нысан иелері заң талаптарын ескере бермейді. Соның салдарынан «қызыл сызық» қағидалары жиі бұзылуда.

Аталған мәселені Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жіті назарға алып, тиісті тапсырмалар жүктеген еді. Соның нәтижесінде қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, рұқсат құжаттары толық алынбастан салынып жатқан 130 нысан анықталды. Соған орай тиісті шаралар қолдану үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына арнайы хаттар жолданды. Аталған 130 нысанның 10-ында «қызыл сызық» қағидасына байланысты мәселелер көтерілген. Енді осы 10 нысанның алтауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, айыппұлдар салынды. Сондай-ақ әрқайсысына құрылыс барысына қойылатын негізгі талаптарды орындау туралы нұсқама берілді. ![]()




