Қызметкерлермен психологиялық сабақ өткізілді

563

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің жеке құрамымен психологиялық дайындық бойынша сабақтар жүйелі түрде өткізіледі.

Жуырда өткізілген осындай сабақтың бірі «Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу» тақырыбына арналды. Сабақ барысында мекеме қызметкерлеріне суицидке бейім адамдарды анықтау, өзіне-өзі қол жұмсауға бейім адамдармен алдын-алу жұмысын жүргізу, алғашқы психологилық көмек көрсетудің жолдары үйретілді.

Жалпы, суицид (латынша «sui caedere») – ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін – өзі зақымдау болып табылады. Суицидалды әрекет дегеніміз–суицидальды активтіліктің, яғни суицидалдық, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.

Суицидалды синдром– бұл суицидалды әрекеткебелбуған адамның қимыл – әрекетімен мінез – құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидалды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне  көңілін аударту мақсатында жасалады); 2. шынайы суицид дегеніміз – өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын–туыстарымендос–жарандарының және өзгелердің ой–пікірлерін ескермей, олардың қайғы–мұңымен жұмысы болмайды).

Суицид девиантты іс-әрекеттің бір түрі яғни трагедиялық түрі өзін-өзі өлтіру.

Суицид негізінен жеке тұлғаның әлеуметтік дезадаптациясы, психикалық дезадаптациясы (қандай да бір жағдайға н/е басқаға адамның бейімделуінің бұзылуы) ретінде қарастырылады, қиын жағдайларды шеше алмау, кризистің шегіне жетуі және конфликт жағдайының жиі кездесуі (отбасы проблемалары, банктерге қарызы, іштей өзінің қажет емес сезімі).

Суицидке бейім адамдарды анықтау  белгілері:

Жабығулы көңіл-күй, асқа тәбетінің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;

Көп жағдайда спирттік ішімдікке тәуелді болу;

Мінезі бірден өзгерген  және депрессиялық күйге түскен;

Сыртқы көрінісі шаршаңқы және басыңқы;

Зейіні мен қабылдауы, сөйлеуі мен қозғалуының бәсеңдеуі;

Болашағы мен қызметіне көзқарасының өзгергені;

Бірден ашуланып және тітіркену, қобалжудың басым көрінісі;

Өз ортасынан оқшаулану, үмітсіздікпен, дәрменсіздік;

«Өмірден шаршадым», «Өмір сүргім келмейді» деген сөз тіркестерінің жиі қайталануы.

Өзіне-өзі қол жұмсауға бейім адамдармен алдын- алу жұмысын жүргізу кезеңдері .

Д.У.Алибаева,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы,

әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.