ҚАЖ қызметкерлерінің Жаңару күніндегі игі ісі

384

Бүгін 19 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі бойынша «Жаңару күні». Яғни қоғамның барлық салаларын жаңарту, ағаш көшеттерін отырғызып, түрлі экологиялық акцияларға үн қосу күні.

Осы ретте Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған тал егу акциясына ҚАЖ қызметкерлері қатысып, мекеме аумағын көшетпен көмкерді.

Мекеме бастығының орынбасары Әміржан Дәулетқұлов та аталған шараға атсалысып, әрбір азамат қоршаған ортаны жасыл-желекпен көмкеруге үлес қосуға тиіс екенін айтып, қызметкерлерге Жаңару күнінде бақ-береке тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.