«Қызды жалдамалы пәтерде тұншықтырып өлтіріп, өртеп жіберген»: жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты

184

Алматыдағы «Латифа» тұрғын үй кешеніндегі жас қыздың өлімінен кейін бір жылдан астам уақыт өтті. 35 жастағы ер адам қызды жалдамалы пәтерде тұншықтырып өлтіріп, денесін өртеген. Қылмыскер жазасын өтеп жатқаны белгілі болды, – деп хабарлады Экспресс К.

Сотталушы Кентауда 1987 жылы 15 тамызда дүниеге келген. 2021 жылы қарашада ол қызды жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін қыздың өртенген денесі табылып, қаскөйдің өзі де ұсталды. 

Оған ҚР ҚК 99-бабының 10-бөлігімен айып тағылды.

«Қылмыстық істі Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарады.  Үкім 2022 жылғы 11 мамырда шықты. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылған», – деп хабарлады қалалық соты.

Үкім заңды күшіне енген. Сотталушы апелляциялық шағым түсірмеген.

Айта кетейік, адам өлімі 2021 жылғы қарашаның басында болған. Қайғылы оқиға 13-қабаттағы жалдамалы пәтерде болған. Пәтер тәулігіне жалға берілгені анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.