Қытайдан келген тауарларды ұрлаған қойма қызметкерлері әшкереленді

48
Алматыда Қытайдан келген тауарларды ұрлағандарға қатысты іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді аяқтады.

«Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарлар туралы ақпаратқа қол жеткізген. Шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірді», — деп жазылған хабарламада.

Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/kyitaydan-kelgen-tauarlardyi-urlagan-koyma-kyizmetkerler-123782/?fbclid=IwY2xjawH6FGZleHRuA2FlbQIxMQABHYcZnaHSYr7xpSfgZEY0by9j2VSSjBZ1rROZVPFCbWeYSURT6K5BKsi19g_aem_1Ve8RGPtiSAx9CiSKlfEQw

Leave A Reply

Your email address will not be published.