ҚЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

73
Сарысу ауданының азаматтық қорғау құралымдарының және қысқы кезеңге дайындық деңгейін тексеру жұмыстары жүргізілді. Азаматтық қорғаныс саласындағы жоспарлы тексеру шеңберінде Сарысу ауданының азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының жарақтандырылуы мен дайындығы тексерілді.
Тексеру аудан әкімінің орынбасарының басшылығымен, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Азаматтық қорғаныс басқармасы өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.
Тексеру барысында құралымдардың материалдық — техникалық қамтамасыз етілуі, арнайы жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарының болуы, сондай-ақ жеке құрамның өз міндеттерін орындауға дайындығы бағаланды.
Сонымен қатар, қысқы кезеңге дайындық деңгейі, инертті материалдармен — тұз, құм, қаптар және басқа да қажетті қорлармен қамтамасыз етілу жағдайы қаралды.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.