Жұмыр жердегі барлық мемлекет үшін экономиканың басты күре тамыры – жолдар. Тақтайдай тегіс жолдардың арқасында адамдар діттен жеріне жетсе, мемлекеттер арасында жүк тасымалын реттей алып жатыр. Бұл салаға туризм әлеуметін де қоссақ артық емес.
Бір сөзбен айтар болсақ, жол инфрақұрылымы арқылы экономиканың көптеген салалары дами түсетіні беліглі. Қазақ «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп, ел таны» дейді.
Бұрынғы бабаларымыз аттың қомында желіп жүрсе, бүгінгілер темір тұлпар тізгіндеп, жол рақатын сезіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдарының құрылысы қарқын алып, оның сапасын арттыру мәселесіде шешімін табуда Үкімет жол сапасын жақсарту мақсатында қыруар қаражат бөліп, стратегиялық жоспарлар жасауда.
Ел экономикасының дамуына, сауда-саттықтың қауіпсіз жеткізілуіне автомобиль жолдарының қосар үлесi үлкен. Облысымызда жыл санап, асфальт көрмеген жолдар тегістеліп, тұрғындар мен жүргізушілерге қолайлы орта қалыптастырылуда.Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау қорытындысы мен қысқы мерзімде күтіп-ұстауға дайындық барысын әркез бақылауда ұстап келеді.Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек кеше Меркі ауданында болып, білім ошақтарының қазандықтары мен жолды күтіп ұстау қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап өтті.