Қыркүйекте Маңғыстауда жоғалған 3 баланың анасы табылмай жатыр

135

Бейнеулік 27 жастағы 3 баланың анасы Жәния Абдуллаева 29 қыркүйектен бері табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Күйеуінің мәлімдеуінше, жоғалған күні Жәния «Бейнеу-Ақтау» бағытына темір жол билетін сатып алып, кейінірек телефон нөмірін өзгерткен.

– Сол күні әйелім біреудің орнына жұмысқа шығуы керек еді. Өзі ауруханада санитар болып жұмыс істейді. Содан бері мен оны көрмедім. Телефонын өшіріп татстаған. Полиция оның Ақтауға билет сатып алғанын анықтады. Басқа ақпарат жоқ. Екеуміздің ортақ үш баламыз бар – 5, 4, 3 жасар ұл мен қыз. Жақында хабарсыз кеткеніне екі айдың жүзі болады, – деді күйеуі.

Хабар-ошарсыз кеткен әйелдің қайда кеткені туралы мәліметі бар кез келген адамнан 102 нөміріне хабарласса болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.