ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберiнде «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе отырып, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің мәжіліс залында «Қылмыстық-атқару жүйесі мемкемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи технологиялар мен механизмдер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, өткізді.
Конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев және мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің басшылығы қатысты. Конференция барысында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне департамент тарапынан мемлекеттің жүргізіп отырған кадр саясатындағы меритократия қағидаттарын нығайту бойынша баяндамалар оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы іс-шараға 200 адам қатысты.