10-11 жастамын. Шекемтас ойнайтын кезім. Дишинкам ініммен аяқастынан ауруханаға түсіп, қырсыққанда тура сол кезде әжем белінен шойылып тұра алмай қалды. Сөйтіп, үйдегілердің ас-ауқаты – менің мойнымда. Бір күні бір жапырақ етті жуып-жуып, ойымда ештеңе жоқ, қазанға сала салдым. Ет піскенше, қыздармен ойнап келейін деп тайып тұрдым. Әжем айқайлап шақырса да, естімеген адам ұқсап, ойынның қызығына күмп еттім. Кешқұрым ет пісті-ау деген уақытта келіп, дайын кеспені сала салдым. Үйдегілерді кешкі асқа шақырып, еттен сүйекті ажыратқаным сол еді, құжынаған құрт шықты. Қорыққанымнан сорпаны қоқысқа төге салдым. Сол күні бәріміз аш жаттық, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
https://turkystan.kz/article/240296-zhyna-an-rt-shy-ty-l-yl-s-ltan-yzy-al-ash-y-tirligine-aralas-an-s-tin-eske-aldy